ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ
скачать в pdf 

  1. Қалалық қызметтер порталы туралы негізгі мәліметтер

Қалалық қызметтер порталы тиісті ұйымдардың халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету процесін автоматтандыруға арналған.

Осы ресурсты іске асыру «бір терезе» қағидаттарын пайдаланатын шешімдерге негізделген, бұл қызмет көрсету процестерінің ашықтығын қамтамасыз етеді, қызметтер көрсету мерзімдерін қысқартады және ведомствоаралық келісу процесін жеңілдетеді. Сондай-ақ бұл сервис қызмет алушыларға қалалық қызмет көрсетудің барлық кезеңдерінде өз өтініштерінің қозғалысын қадағалауға және нәтижелерін электрондық түрде алуға мүмкіндік береді. қалалық қызметтер порталы келесі адрес бойынша орналасқан: onaykyzmet.kz

  1. Жұмыс істеу үшін не қажет

Порталмен жұмыс істеу үшін Сізге:

  1. Қолданыстағы ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба);
  2. Орнатылған және іске қосылған NCALayer бағдарламасы қажет.

ЭЦҚ-ны қалай алуға болатынын https://pki.gov.kz/kk/natural-person-2/ сілтемесі арқылы өтіп немесе жақын маңдағы ХҚКО-ға (Халыққа қызмет көрсету орталығы) жүгіну арқылы білуге болады.

NCALayer бағдарламасын жұмыс үшін қалай орнатуға және іске қосуға болатындығын https://ncl.pki.gov.kz/kz/ сілтемесі арқылы өтіп білуге болады.

  1. Пайдаланушыны тіркеу

Порталда тіркелу үшін «Тіркелу» батырмасын басу қажет.

                                                    «Порталға кіру»

Содан кейін тіркеу нысаны ашылады, онда ұсынылған өрістерді толтырып, RSA сертификатын таңдаңыз.

                                                      «Тіркеу»

                                                         «ЭЦҚ-ға қол қою»

Тіркеу сәтті болған жағдайда тиісті хабарлама шығып, поштаға тіркеуді аяқтау туралы нұсқаулық бар хат келуі керек.

  1. Пайдаланушыны авторландыру

Порталға кіру үшін порталдың басты бетінде орналасқан «Кіру» батырмасын басу қажет.

Бұдан әрі порталға кіру нысаны ашылады. Порталға екі жолмен кіруге болады:

                         

                               «Порталға логин мен құпиясөз арқылы кіру»

                                       «Порталға ЭЦҚ арқылы кіру»

  1. Пайдаланушының жеке кабинеті

Авторландырудан кейін пайдаланушының жеке кабинеті ашылады.

Жеке кабинет 4 бөлімнен тұрады: «Қызметтер каталогы», «Өтінімдер», «Құжаттар», «Баптамалар».

Жеке кабинеттің сол жағында екі ақпараттық блок орналасқан:


                             
                                      «Жеке кабинет», «Баптаулар» бөлімі

5.1. «Баптаулар» бөлімі

Бұл бөлім пайдаланушыға электрондық пошта адресін, құпиясөзді өзгертуге, байланыс телефонын қосуға немесе өзгертуге, сондай-ақ көрсетілген электрондық поштаға келетін хабарламаларды баптауға мүмкіндік береді.

5.2. «Құжаттар» бөлімі

«Құжаттар» бөлімі пайдаланушыға өтініш беру кезінде жиі қолданылатын құжаттарды қосуға мүмкіндік береді.

Құжатты қосу үшін «Жаңа құжатты қосу» батырмасын басу жеткілікті.

Содан кейін «Құжатты қосу» терезесі ашылады.

                                                                    «Құжаттар» бөлімі

                                     «Құжатты қосу»

Файл түрін көрсете отырып, «Суретті жүктеу» немесе «PDF файлын жүктеу» батырмасын басу керек.

Содан кейін бір немесе бірнеше файлды таңдауға болатын бағыттауыш терезесі ашылады.

Бірнеше файлды таңдау үшін Ctrl батырмасын ұстап тұрып, қажетті файлдарды тінтуірдің сол жақ батырмасымен нұқыңыз.

Файлдарды таңдағаннан кейін «Сақтау» батырмасын басыңыз.

5.3. «Қызметтер каталогы» бөлімі

Бұл бөлімде қалалық қызметтер каталогы ұсынылған. Ыңғайлы болу үшін жоғарыда қызметтердің атауы бойынша іздеу орналасқан.

Қызметтің атауына шерту кезінде қызметті онлайн немесе I-Qala кеңсесінде қалай алуға болатыны туралы ақпараты бар қызмет карточкасы ашылады.

                                                            «Қызметтер каталогы» бөлімі

                                                   «Қызмет карточкасы»

Қызметті онлайн түрде алу үшін «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу қажет.

Содан кейін толтырудың қадамдық нұсқаулығымен өтінім нысаны ашылады.

Келесі қадамға өту үшін ағымдағы қадам жолдарын толтырып, «Одан әрі» батырмасын басу қажет.

Егер барлық қажетті өрістер дұрыс толтырылса, келесі қадам ашылады.

Құжаттарды қоса тіркеу үшін сақтау орнының түрін таңдау қажет:

                                                               «№6 қадам»

Қол қоймас бұрын барлық өрістерді толтырудың дұрыстығын тағы бір рет тексеру қажет.

«Қол қою және жіберу» батырмасын басу арқылы бағыттауыш терезесінде RSA сертификатын таңдап, сертификаттың құпиясөзін енгізу қажет.

Қол сәтті қойылған жағдайда тиісті хабарлама пайда болады.

5.3. «Өтінімдер» бөлімі

Бұл бөлім өтініштердің мәртебесін бақылауға және қызмет нәтижелерімен танысуға арналған.

Ыңғайлы болу үшін бұл бөлімде өтінімнің атауы немесе нөмірі, сондай-ақ жасалған күні бойынша іздеу бар.

Өтінімдер тарихында өтінімнің жасалған күні, мәртебесі, сондай-ақ қызмет көрсету нәтижесі көрсетіледі.

Қызмет көрсету нәтижесін қарау үшін өтінім атауына шерту қажет.

Браузердің жаңа қосымша бетінде өтінім картасы ашылады.

                                                                   «Өтінімдер» бөлімі

Өтінім карточкасында өтінім беруші мен өтінім туралы негізгі ақпарат, сондай-ақ өтінімге қоса берілген файлдар мен өтінімді орындау мәртебесі көрсетіледі.

Өтінішке тіркелген файлдарды жүктеу үшін файл атауына шерту жеткілікті.

Егер өтінімге қызмет көрсету шарты бекітілген болса, онда тиісті батырманы басу арқылы шарттың қолтаңбасын тексеруге болады.

«Шарттың қолтаңбаларын тексеру» батырмасын басқан кезде өтініш беруші мен орындаушының қолдары туралы негізгі ақпараты бар терезе ашылады.

                                                 «Өтінімдер», «Өтінім карточкасы» бөлімі

                «Өтінімдер», «Өтінім карточкасы», «Қолтаңбаларды тексеру нәтижелері» бөлімі