ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ

Осы Дербес деректердің құпиялылығы саясаты (бұдан әрі – Құпиялылық саясаты) onaykyzmet.kz домендік атаумен орналасқан Атырау қалалық қызметтер порталын (бұдан әрі — Портал) пайдалану кезінде пайдаланушы туралы ала алатын барлық ақпаратқа қатысты қолданылады.

 

1. ТЕРМИНДЕРДІҢ АНЫҚТАМАСЫ

1.1 Осы Құпиялылық саясатында келесі терминдер қолданылады:

1.1.1. «Портал әкімшілігі» (бұдан әрі – Әкімшілік) –дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыратын және (немесе) жүзеге асыратын, сондай-ақ дербес деректерді өңдеу мақсаттарын, өңдеуге жататын дербес деректердің құрамын, дербес деректермен жасалатын әрекеттерді (операцияларды) айқындайтын, Атырау облысы әкімдігінің Цифрландыру және архивтер басқармасының атынан әрекет ететін Порталды басқаруға уәкілетті тұлғалар.

1.1.2. «Дербес деректер» — айқындалған немесе айқындалатын жеке тұлғаға (дербес деректер субъектісіне) тікелей немесе жанама қатысты кез келген ақпарат.

1.1.3. «Дербес деректерді өңдеу» — жинауды, жазуды, жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), шығарып алуды, пайдалануды, беруді (таратуды, ұсынуды, қолжетімділікті), жеке деректерді иесіздендіруді, бұғаттауды, өшіруді, жоюды қоса алғанда, автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе осындай құралдарды пайдаланбай жасалатын кез келген іс-әрекет (операция) немесе іс-әрекеттер (операциялар) жиынтығы.

1.1.4. «Дербес деректердің құпиялылығы» — дербес деректер субъектісінің келісімінсіз немесе өзге де заңды негіз болмаса, сақтауға міндетті оларды таратуға жол бермеу талабы.

1.1.5. «Портал пайдаланушысы» (бұдан әрі — Пайдаланушы) — Интернет желісі арқылы Порталға қолжетімділігі бар және Портал функционалын пайдаланатын тұлға.

1.1.6. «Cookies» — веб-сервер жіберген және пайдаланушының компьютерінде сақталатын, веб-клиент немесе веб-браузер тиісті сайттың бетін ашу әрекеті кезінде HTTP-сұратымында веб-серверге әр жолы жіберетін деректердің фрагменті.

1.1.7. «IP-адрес» — IP хаттамасы бойынша құрылған компьютерлік желідегі түйіннің бірегей желілік адресі.

 

2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

2.1. Пайдаланушының Порталды пайдалануы осы Құпиялылық саясатымен және Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу шарттарымен келісуді білдіреді.

2.2. Құпиялылық саясатының шарттарымен келіспеген жағдайда Пайдаланушы порталды пайдалануды тоқтатуы тиіс.

2.3. Осы Құпиялылық саясаты Атырау қаласының қалалық қызметтер порталына ғана қолданылады. Портал Әкімшілігі Пайдаланушы Порталда орналастырылған сілтемелер бойынша өтуі мүмкін үшінші тұлғалардың сайттарын бақыламайды және олар үшін жауапты болмайды.

2.4. Портал Әкімшілігі Портал пайдаланушысы ұсынған дербес деректердің дұрыстығы үшін жауапты болмайды.

 

  1. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ МӘНІ

3.1. Осы Құпиялылық саясаты Портал Әкімшілігінің сұратымы бойынша Пайдаланушы Порталда тіркелген кезде немесе мемлекеттік қызметті алуға өтінім берген кезде ұсынатын дербес деректерді жарияламау және құпиялылықты қорғау режимін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін белгілейді.

3.2. Осы Құпиялылық саясаты шеңберінде өңдеуге рұқсат етілген дербес деректерді Пайдаланушы Атырау қаласының қалалық қызметтер порталын тіркеу және кейіннен пайдалану кезінде ұсынады және олар мынадай ақпаратты қамтиды:

3.3. Портал мемлекеттік қызметті алу процесінде автоматты түрде берілетін деректерді қорғайды:

3.4. Жоғарыда айтылмаған кез келген өзге дербес ақпарат (қызметтерді алу тарихы, берілген құжаттар және т.б.), осы Құпиялылық саясатының 5.2. және 5.3.-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сенімді сақталуға және таратылмауға жатады.

 

4. ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ДЕРБЕС АҚПАРАТЫН ЖИНАУ МАҚСАТТАРЫ

4.1. Портал Пайдаланушысының дербес деректері келесі мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін:

 

5. ДЕРБЕС АҚПАРАТТЫ ӨҢДЕУ ТӘСІЛДЕРІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ

5.1. Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу қолданыстағы заңнамаға сәйкес автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе осындай құралдарды пайдаланбай ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асырылады.

5.2. Пайдаланушы Портал Әкімшілігі дербес деректерді уәкілетті тұлғаларға тек мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында ғана беруге құқылы екендігімен келіседі.

5.3. Пайдаланушының дербес деректері Қазақстан Республикасының мемлекеттік биліктің уәкілетті органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша ғана берілуі мүмкін.

5.5. Портал Әкімшілігі Пайдаланушының дербес ақпаратын заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, таратудан, сондай-ақ үшінші тұлғалардың өзге де заңсыз әрекеттерінен қорғау үшін қажетті ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды.

5.6. Портал Әкімшілігі Пайдаланушымен бірлесіп Пайдаланушының дербес деректерін жоғалтудан немесе жария етуден туындаған салдардың алдын алу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды.

 

6. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ

6.1. Пайдаланушы міндетті:

6.2. Портал Әкімшілігі міндетті:

 

7. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

7.1. Егер ақпарат:

 

8. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

8.1. Портал Әкімшілігі мен Портал Пайдаланушысы тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешу үшін барлық күшін салуы тиіс.

8.2 Егер осындай келіссөздерден кейін Портал Пайдаланушысы мен Портал Әкімшілігі дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

 

9. ҚОСЫМША ШАРТТАР

9.1. Портал Әкімшілігі Пайдаланушының келісімінсіз осы Құпиялылық саясатына өзгерістер енгізуге құқылы.

9.2. Егер Құпиялылық саясатының жаңа редакциясында өзгеше көзделмесе, жаңа Құпиялылық саясаты Порталда орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.

9.3. Қолданыстағы құпиялылық саясаты мына адрес бойынша орналасқан